Ютубе каналымдағы көрермендерімнің саны 100 мың болып, мәз болғаным сондай, бүгінгі видеоны салуды ұмытып кете жаздаппын 😁 Әлгінде ғана есіме түсті 😊 Қарап көріп, бағасын беріңіздер 😘 https://www.youtube.com/watch?v=4GUE78YZLJI&t=7s
Баяғыда бір тақуа адам Алладан қатты қорқып, күнара ораза ұстайды екен. Аузы берік күндері "Ораза ұстадың ба?" деп сұрағандарға "Шынымды айтсам, ұстадым да дей алмаймын, ұстамадым деуге де келмейді" деп жауап береді екен. Ұстағандықтан "ұстадым" деп өтірік айта алмайды, ал "ұстадым" дейін десе, амалы Алланың алдында қабыл болатын кәміл оразаға жата ма, жатпай ма деген күдік жеңіп кете беретін көрінеді. Оның рухани тереңдігін сезбейтіндер "Өзінің ораза ұстаған, ұстамағанын білмейтін не деген есуас адам" дейді екен ол туралы...
⠀
Сол секілді азаннан қас қарайғанша қарныңыз аш болса, аш шығар, бірақ шын мәніндегі оразаны ұстай алып жүрсіз бе?..
⠀
Ютуб каналыма жаңа видео салып қойдым 😊 Қарап көріңіздкр. https://youtu.be/aE9qC7LDMEE
Ютубе каналымда жаңа видео 😊 https://www.youtube.com/watch?v=_7-OgbNqKfs
Ютуб каналымда жаңа видео https://www.youtube.com/watch?v=dMHvncmoHOg
Қадір түнін әйелдер қалай өткізу керектігіне қатысты сұрақтар көп келген соң видео түсіріп қойдым 😊
https://youtu.be/ENTTY5cU6Ko
Оразаның бітуіне санаулы күндер қалды... https://www.youtube.com/watch?v=F6jole9obZU
Айт мерекесі құтты болсын!
Келесі Рамазанға төрт көзіміз түгел, аман-есен жетуді жазсын!
Көптен бері каналыма видео шықпай қалып еді 😊 Жаңа ғана жаңартып қойдым https://www.youtube.com/watch?v=vHnfui1RRKg
Телграм каналымды қолға алам деп жиі ойлаймын. Бірақ қалып қоя береді 😔 Қазір енді үзік ойларымды жазатын жер етсем деп тұрмын.
Өлім жайлы аз ойланамыз-ау біздер деген. Күні кеше бір жағдай жүрегімді ауыртты. Инстаграмда бір оқырманым бар еді. Аракідік сөйлесіп қалатынбыз. Кейін кітаптарымызды алды. Тіпті уатсапта да сөйлескенбіз. Енді бірер күн бұрын сол кісінің уатсабынан "А... қа уақыт болды. Жаназа намазы ертең 11.00-де" деген хат кеп тұр.
Жан дүнием алай-дүлей боп кетті. Талай өлім туралы естіп жүрміз ғой. Бұл жерде әсер еткені "уақыт болды" дегкен сөз сияқты. Бәріміздің де бір күні уақытымыз бітеді...
Ех! Қандай ауыр еді... Бастысы Алланың алдында жүзіміз жарық болғай!
Тамақтану әдетімді өзгертуді бұрыннан ойлап жүрмін. Өйткені жас та болсақ, белгілі бір ауруларымыз бар. Дәрігерге жүгінсек олар «Дұрыс тамақтаныңыз, қуырылған жемеңіз, тәтті жемеңіз, ұнды тағамдарды азайтыңыз. Бәрі тамақтан» деп жатады. Коронавирустың бір пайдасы десек те болар, соңғы кезде өзімнің әрі отбасымның денсаулығы туралы шындап ойланып, аурудың алдын алғым келді. Амал – бізден, шипа – Алладан.
⠀
Осыған дейінгінің бәрі дайындық болатын. Төменде ертеңнен бастап енгізетін әдеттерімнің тізімі. Біріңізге болмаса, біріңізге пайдалы боп қалар деп жазып отырмын. Бір айдан соң нәтижесін тағы жазамын, бұйыртса.
⠀
• Ояна сала аш қарынға 500 мл жылы су ішу;
• Тамақ ішіп отырғанда телефон ұстамау, кітап оқымау, тек тамақ туралы ойлау. Себебі, басқа нәрсеге алданып отырып, байқамай тамақты көп жеп қоюың мүмкін;
• Шанышқы қағидасы. Аузыңа тамақ салған соң қасығыңды не шанышқыңды қолыңда ұстап отырмай, үстелге қоя тұру. Бұл аузыңыздағы тамақты дұрыс шайнауға көмектеседі;
• Үстел басында 20 минуттан артық отырмау, қажет болса таймер қойып қою;
• Консервіленген, қуырылған тағамдардан, полуфабрикаттан бас тарту;
• Глютен, қантты және сиыр сүтінен жасалған тағамдардан бас тарту;
• Таңғы асты оянған соң 1 сағат ішінде ішу;
• Таңғы асқа ақуыз+май (мыс: топл майға пісірілген жұмыртқа) жеу;
• Түскі асқа ақуыз+бұқтырылған көкөніс+май (мыс: ет, қызанақ, қиярды зәйтүн майына араластырып салат);
• Кешкі асқа қиын көмірсу (көкөніс сорпалары, күріш, қарақұмық) жеу;
• Ақуызды тағамдарды кешкі 17.00-ге дейін жеп алу және жанына міндетті түрде көк шөп қосу;
• Күніне сорпа ішу;
• Тамақты тек жануар майына пісіру;
• Күні бойы 2,5 л су ішу;
• 19.00-ден кейін суды азайту;
• Витаминдерімді уақтылы ішу;
• Өлшеулі мөлшерде жеміс-жидек жеу.
⠀
Аптасына 1 күн өзіме қалағанымды жеуге рұқсат беремін. Ал қалған уақытта барынша ұстануға тырысамын. Нәтижесін осында салып тұрармын.
⠀
⠀
#марфу_жекедаму #тамақтану #жақсыәдет #әдет
1-күн. Шүкірлік күнделігі
1. Аяланың тыныш ұйқысы үшін Аллаға шүкір;
2. Алла тағаланың небір тағамдар жегізіп, соншалық нығмет бергені үшін шүкір;
3. Денсаулығым үшін шүкір.
Бүгін қандай жақсы амал істедім?
Жанұям үшін тамақ әзірледім;
Глютенсіз нан пісірдім;
Өзгелермен білімімді бөлістім;
Аяламен уақыт өткіздім;
20 заттан құтылдым.
Аллаға шүкірлікті өмірімдегі жақсылықтар үшін ғана емес, кейбір келеңсіздіктер үшін де айтып үйренгім келеді. Мысалы, бүгін күн өте ыстық. Соның арқасында жайған кірім тез кепті, Аллаға шүкір деген секілді 😊
Бүгін Алматыда жаңбыр жауып тұр. Бізді салқындатып, сергітіп алғысы келген Аллаға шүкір!
Кеше Төрем❤️ екеуміз ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы туралы сөйлестік. Жұптар неге бір-ақ сәтте бір-біріне жат боп кетеді? Неге "әңгімелері таусылады"?
Төрем ❤️ бәрін құндылықтар өзгеруімен байланыстырады. Яғни уақыт өте келе екеуінікі екі түрлі боп кетуі мүмкін дейді. Сондықтан екеуінің бірге дамып отыруы өте маңызды.
Бүгін қандай жақсы амал жасадым?
Аяламен сапалы уақыт өткіздім.
Отбасыма тамақ пісіріп бердім.
Кітап оқуға уақыт таптым.
Көптен ойда жұрген жаңа істі қолға алып жатырмын.
Дұрыс тамақтануымды бұзған жоқпын 😇
Күзде істегім келетін істер тізімін жасап шықтым😊 Күз басталғалы ойлап жүр ем. Алла тағала орындалуын нәсіп етсін!
1. Ботаникалық баққа барып, жапырақ жинау;
2. Асқабақ сорпасын пісіру;
3. Жақын қалалардың біріне саяхат жасау;
4. Табиғаттағы пикник яғни, күзгі баққа барып, таңғы ас ішу;
5. Фотосессия жасау;
6. Жаңбырлы күні кофейня терезесінен қарап отырып, кофе ішу;
7. Күздің аурасын сездіретін фильмдер көру;
8. Алматыдағы Баум тоғайына барып көру;
9. Сүйікті кітабымды қайталап оқу;
10. Күздің әдемі күнінде қала көшелерімен жаяу қыдыру;
11. Күн батып бара жатқан сәтті тамашалау;
12. Маникюр жасату;
13. Ғаламторсыз күн өткізу;
14. Алма пирогын пісіру.