Если вы находитесь заграницей, но хотите пройти обучение на курсе мобилографии:
1. Пройдите по ссылке;
https://shonbay.online/rus
2. Выберите город/страну проживание
3. Только мои выполнении пункта 2 у вас будем возможность поменять телефонный код страны;
4. Успешно регистрируетесь и оплачиваете.
До встречи на курсе!
Той түсіріп жүрген кезім еді. Өзімді қинап, тост түсіріп тұратынмын. Даму ырғағынымның тоқтап қалғанын сездім. Күнде бір нәрсе қайталана бере бастады. Керісіне деградация сияқты көрінді. Жан жағыма бір қарап алып, өзіме: Қыран, сен бұдан үлкен нәрсе үшін туылғансың дедім. Қолымды бір сілтеп, осы күннен бастап той түсірмеймін деп шығармашылығыма жол тарттым. Сол сәттен бері әр күнімді өз-өзімді дамыту, жаңа бастамадан қорықпау жолына арнадым. Әрине, бәрі сказка сиякты емес. Күніне азды көпті тауып жүрген жұмысыңды тастап, өзіме ұнайтын бағытқа бет бұрғанда, ешкім құшақ жайып жұмыс бере қоймайды.
Ізденесің, тырысасың, бәрін қайта басынан бастау кереу болды. Тамағы тоқ, жылы тойхананы тастап, айдаладағы құмды шөлдегі түсірілімдерден бірақ шықтым. Бірақ мен үшін соның рахаты әлдеқайда көп болды.
Жұмысым жұмыс емес, өмір сүру стиліне айналды. Білмейтініңнен қорықпа, үйренбетініңнен қорық деген стимулмен ұялмай сұрай беретінбіз.
Астананың төрінде, Ritz Carlton қонақ үйінің он жетінші қабатында отырып, кезінде өзімді қинап, сол ішімдегі шабытымды өшіре бергенде, қазір Ritz Carlton ұжымы мені құшақ жая қарсы алып, ең дәмді асын ұсынып, өнерімді бағалар меді деп ойланып отырмын.
Аллаға шүкір, сіздердің шексіз қолдауларыңыз бен, сенімдеріңіз бар.
Сол сеніммен тағы да армандаудан қорықпаймын. Бөлмемдегі әдемі көріністі жібере отыра, үлкен сәлем жолдадым.
21.10.2019
Арманшыл Қыран Талапбек.